Саясат • 28 Наурыз, 2023

Қазақстан-Өзбекстан шекарасын шегендеу туралы заңға қол қойылды

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасын шегендеу туралы заңға қол қойылды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2022 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау бойынша жұмысты жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының тиісті жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14362174 сілтеме бойынша «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар