Руханият • 28 Наурыз, 2023

Бішкекте Түркі Академиясы Ғылыми кеңесінің VІ отырысы өтті

349 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Түркі Академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті VІ отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бішкекте Түркі Академиясы Ғылыми кеңесінің VІ отырысы өтті

Басқосуға Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Қаныбек Иманалиев, Әзербайжан Республикасы Ғылым және Білім Министрінің орынбасары Ыдырыс Исаев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки, Түркия Республикасы Ұлттық Білім министрлігінің Білім және тәртіп жөніндегі кеңесінің төрағасы Джихад Демирли, Венгрияның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шандор Дороги, сондай-ақ бауырлас елдердегі білім мен ғылымға жауапты ведомстволардың өкілдері мен сарапшылары қатысты.

пи

Кеңес отырысының барысында Түркі академиясының Ғылыми кеңесіне төрағалық ету Қазақстаннан Қырғыз Республикасы тарапына өтті.

Жиында Академия басшысы Ш.Мустафаев өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, биыл жүзеге асырылатын жобалар жоспарымен бөлісті.

Атап айтқанда, ТМҰ-ға мүше елдердің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері, ғылыми-зерттеу жобалары талқыланып, түркі әлемінің 2023 жылға арналған атаулы күндері бекітілді. Сондай-ақ Түркі Академиясы қызметінің алдағы кезеңдерге басым бағыттары мақұлданды.

Отырыс барысында Ғылыми кеңес мүшелері Академияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп,  келесі отырыстың орны мен уақытын бойынша уағдаласты.

Осы тұста Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің келесі отырысы Бакуде өтетінін айта кету керек.

зһх

Кездесу қорытындысы бойынша министр Қ.Иманәлиевтің төрағалығымен кеңес мүшелері Түркі Академиясының негізгі ғылыми бағыттарын іске асыру жөнінде хаттама қабылдады:

  1. Түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу;
  2. Қазіргі кезеңде түркі бірегейлігін қалыптастыру;

III. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі түркі тілдері;

  1. Түркі әлеміндегі экономикалық байланыс және интеграция.

Биыл Түркі әлемінің атаулы күндері қатарына ұлы ғалым Әбу Райхан әл-Бирунидің туғанына 1050 жыл, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл Ақ-Қойлы мемлекетінің билеушісі Ұзын Хасанның 600 жылдығы, Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы, белгілі қырғыз ойышылы Молдо Нияздың 200 жылдығы, ақын, саясаткер және Түркия мемлекеттік гимнің авторы Мехмет Акиф Ерсойдың 150 жылдығы, көне түркі жазуының ашылғанына 130 жыл толуы, сондай-ақ көрнекті тұлғалар мен маңызды оқиғаларға байланысты басқа да мерейтойлар енгізілген.

ро