Театр • 31 Наурыз, 2023

Алшысынан түскен «Алтын сақа»

317 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Республикалық шеңберден шығып, халықаралық деңгейді қамтып, театр­ өнері мен сахнадағы жетістікті баяндап, бақ сынайтын ауқымды фес­ти­валь­дердің аламаны алдымен өз шағын алаңын бағындырудан басталып жата­ды. Бұл бәйгенің бәрі өз өнерін өзгемен салыстырып, жаңашылдыққа ұмты­лып, тәжірибе алмасып, біртұтас өнер кеңістігін жасау үшін маңызды да.­ Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жас­өс­пірімдер театры биылғы маусым кезеңін биік жетістіктермен түйіндегенін 5-рет өткізіліп отырған «Алтын сақа» театрішілік фестивалімен көрсетті. Ал­ғаш­ 2016 жылы «Алтын сақа» балалар спектакльдерінің бәйгесі болып бас­тау­ алып, жаңа қойылымдардың театрішілік фестивалі деп жалғасын тапқан бұл­ фестиваль төрт жыл қатарынан өткен соң әлемдік пандемия салдарынан тоқ­тап­ қалып, араға үш жыл салып, биыл театрмен қайта қауышты. Театрдың ­70-ке­ тарта әртісі арасында бір жыл аясында сахналанған спектакльдегі рөлдер бо­йынша жүлделер сарапқа салынып, түрлі арнайы аталымдар бойынша жүй­рік­тер анықталып, ақшалай және арнайы дипломдармен марапаттайтын үміт пен­ шабыт сыйлайтын шығармашылық дәстүр бұл.

Алшысынан түскен «Алтын сақа»

Тұлғалар тағлымы

Өткен жылы Ғ.Мүсірепов атындағы дра­ма театры айтулы шығармашылық же­тістіктерге толы болды. 2022 жы­лы­­ II халықаралық «Әбіш әлемі» фес­ти­­­валінде «Король Лир» спектаклі бас­ жүл­дені иеленгенінен бастап, «Құла­гер»,­ «Шағала», «Оян, қалыңдық», «Қара­гөз» спектакльдері мен Сағызбай Қара­балин, Мақсат Рахмет, Динара Нұр­бо­лат, Жанар Мақашева, Гүлбахрам Бай­босынова сынды жекелеген актер­ мен актрисалар кәсіби мамандар таға­йындаған ең жоғары жүлдеге қол жет­кізді. Қазақстан театр сыншылар бір­лес­тігінің шешімімен театр директо­ры­ Талғат Есенәлиев «Жыл театр ме­нед­же­рі» аталымына лайық деп танылса,­ театрдың көркемдік жетекшісі, режис­сер­ Фархад Молдағали Қазақстан Театр қай­раткерлері Одағының «Еңлікгүл» кә­сіби сыйлығын және Мәдениет минис­тр­лігі тағайындаған «Ұмай» ұлттық сый­лы­ғын «Король Лир» спектакліндегі ре­жиссерлік жұмысы үшін иеленді. «Құлагер» спектаклі әлемдік деңгейдегі А.Чехов атындағы XVI халықаралық театр­ фестиваліне шақырту алып отыр. Осы­ жылдың мамыр айында Мәскеу қала­сында әлемнің Аргентина, Чили, Бра­зилия, Үндістан, Қырғызстан, Қы­тай, Ресей, Беларусь, Вьетнам сияқ­ты­ елдерінің озық театрлары өнер көр­сететін фестивальде Ғ.Мүсірепов атын­дағы балалар мен жасөспірімдер театры халықаралық бәйгені бастайтын болады.

Осының бәрі – балалар мен жастар теат­­­рының бір жылда жеткен жеңісі мен табы­сы. Театрдың жаңалығы мұнымен шек­телмейді. Өткен жылдың басында Кіші­ залын ашып, үлкен сахнасымен қа­тар аталған залда көрерменге спектакльдер ұсынып келе жатқан театр 21 жел­тоқ­санында Байділда Қалтаев атын­дағы жаңа сахнаның шымылдығын «Дил­физо мен Донадо» спектаклімен ашты.­ Талай өнер тарланымен өмір жо­лын­да үзеңгілес болған профессор Ес­мұ­хан Обаев: «Бұл театрдың бағы актерден­ жан­ған. Байділда Қалтаевтан бастап сөз өне­рін, тіл өнерін меңгерген театр!», дей­ді. «Өткенге тас атсаң, болашақ сені зең­бірекпен қарсы алады» деген белгілі тәм­сілмен сөз бастаған К.Демесін жоқ­тау­­сыз ұмытылып бара жатқан ұлттың ұлы­ тұлғаларын бүгінгі ұрпақтың есі­не­ салып отырудың маңызы туралы әңгі­ме­леді. «Қазақстанның халық әртісі Б.Қалтаевты 1969 жылдан бері білемін. Өз театрымыздың ішінде актерлерге сах­на­ тілінен сабақ берді. Осы жасыма де­йін өз басым жіңішке, ұяң дыбыс­ты ас­қан шеберлікпен жеткізетін мұндай ак­терді көрген емен. Сөз саптауы ғажап еді. Сөз көмейінен таза күйінде төгіліп шы­ға­тын. Симфония тыңдағандай әсерде қал­дыратын. Ұмытылуға шақ қалған осын­дай ерекше дарын иесін құрметтеп, есі­мін жаңа залға еншілеп беріп жатқан театр директоры Талғат Есенәлиевке рах­метімді айтамын», деді.

Театр өткен тарихына, жүріп өткен жо­лына әрқашан адал. Ардагер, май­дан­гер­ сахнагерлерін ұмытпай, есім­де­рін­ ел жадында мәңгі қалдыру мақ­са­тын­да туғанына мерейтойлық жыл тол­ған­ саңлақтардың атындағы фестиваль­ жүл­де­лерін табыстауды дұрыс деп тап­қаны – биылғы фестивальдің басты­ жаңа­лы­ғ­ы.­ Мұхтар Бақтыгереев, Кененбай Қожа­беков, Райымбек Сейтіметов, Ата­гел­­ді Смайылов, Аққағаз Мәмбетова, Бибиза Құланбаева, Жамал Бектасова, Роза Әшірбекова... Театрдың жасы үл­кен­ аға буын әртістері алқа-қотан оты­рып,­ мұң аралас кейіпте бір мезет­ жақ­сы­лар­ды еске алып, қызықты есте­лік­те­рін сағы­нышпен жарыса баяндап жатты.­ Театрға жұмысқа жаңа орналасқан жас­ актер­ді ғана емес, әртіс біткеннің бә­рін­ «менің балам» деп бауырына бас­қан­ Жамал Бектасованың зейнетке шы­ғып кетсе де, «расписаниені біліп кет­пей­мін­ бе? Кешке спектакльде рөлім болып,­ кешігіп қалсам, ұят болады ғой»,­ деп­ театр­ алдындағы Ғ.Мүсірепов ескерткішін айналсоқтап жүретіні көңіл тебірентсе, бақиға аттанғанша бала мінезінен айнымай кеткен ақжүрек Роза Әшірбекованың шымылдық сыртында анекдот айтып тұрып, 1937 жылдың ащы шындығын көрсеткен «Сталинге хат» спектакліне ойнауға шығып кетіп, күлкісін тыя алмай, булығып, үстел үстіне жатып қалатыны алуан мінезді актер мен буырқанған театр өмірінде болмай қоймайтын қайталанбас қызықты да қимас сәттер...

 

Ә.Мәмбетов неге жылады?

Күлжәмила БЕЛЖАНОВА,

Қазақ­стан­­­ның еңбек сіңірген әртісі:

– Алғаш оқу біті­­ріп, театрға жұмысқа келген жылы Аққағаз апай «әй, қыз, жүр менімен» деп соңы­нан ілестіре сахнаның сыртындағы грим­ бөлмесіне бастап келді. «Бұл менің­ бөлмем, осы жерде рөлге дайындала­мын, грим саламын» деп үстелін ала­қа­нын аялай сипап өтіп, «енді осы жерде мені­мен бірге отырасың», деді. Аққағаз апам отырғызып кеткен сол орында, міне, қырық жылдан бері отырмын. ТЮЗ аталған театрдың 1945 жылы Е.Шварцтың «Қызыл телпекті қыз» ертегісімен ашылғанын белгілі театр­ сыншысы Бағыбек Құндақбаевтан есті­ген­біз. Сондағы қызыл телпекті қызды ал­ғаш Аққағаз Мәдиқызы Мәмбетова ой­наған екен. Иә, иә, әйгілі театр ре­жис­сері Әзірбайжан Мәмбетовтің туған әп­кесі. Ал 1946 жылы театр тұңғыш рет қазақ­ тілінде А.Толстойдың «Алтын кілт»­ спектаклін сахналағанда, әрине, мұн­да да басты рөлді Аққағаз Мәдиқызы ойна­ған. А.Мәмбетова театрда 54 жыл қыз­мет етіп, 100-ден аса рөл ойнады. Ак­трисаның дауысы «Алтын қорда» сақ­талған. 1996 жылы театрдың 50 жыл­дығы аталып өткенде, 70-тен асқан Ақ­қағаз Мәмбетова жүгіріп жүріп Бура­ти­ноны ойнап, «Алтын кілт» эстафетасын Лидия Кәденоваға тапсырған болатын.

 

Гүлжамал ҚАЗАҚБАЕВА,

Қазақ­стан­ның­ еңбек сіңірген әртісі:

– Актерлерге сахна­дан кету – өмірден кетумен бірдей ғой.­ Аққағаз апа өмірден өткенде, ұжым бо­лып қайғырып, үйіне көңіл айтуға бар­дық. Барсақ, апаның бауы­ры, КСРО халық­ әртісі, атағы жер жарған патриарх ре­жис­сер Әзірбайжан Мәдиұлы еңкілдеп жы­лап қарсы алды. Аққағаз апа мен Әзір­байжан ағаның балалық, жастық шағы соғыспен тұспа-тұс келгенін біле­міз.­ Әкелері соғыста опат болып, анала­ры­ әкесінің қайғысынан көз жұмып, екі бала жетім қалған. Сол қиын-қыстау күн­дерде апасы жалғыз бауырын жанынан­ тас­тамай, жетектеп жүріп жеткізген ғой. Оқытқан, адам қатарына қосқан. Сон­дағы Әзірбайжан ағаның қайғырып оты­рып айтқаны құлағымнан кетпейді: «жар дегенде жалғыз апам-ау, жан бауырым-ау, мені жетектеп жүріп адам қылғанда, сен үшін мен не істей алдым, саған қандай жақсылық жасай алдым?» деп жылағанда, бәріміздің сай-сүйегіміз сырқырап, көз жасымызды тыя алмай егілген едік. Ол кезде­ Ә.Мәмбетовтің алма­ған атағы жоқ, дүріл­деп­ тұрған кезі, әпкесіне жақсылық жасай­ алмағаны жанын жегідей жеп, өзегін өртеп бара жатқан өкінішін бізге мұң ғып шаққанда, жанымызды қоярға жер таппаған едік. «Бір кем дүние» деген осы екен ғой...

 

Миллионер Мұхтар

Жомарт ЗЕЙНӘБІЛ,

Қазақстанның ең­бек­ сіңірген қайраткері:

– Мұхтар Бақты­­гереев, Атагелді Смайылов, Алтын­бек Кенжеков сияқты ТЮЗ-дың­ актерлері көзінің тірісінде-ақ «дуб­ляж­дың­ королі» атанды. Таспасы тозған ақ-қара түсті ескі фильмдердің бәрінің соңы­­н­да осы кісілердің есімдері жүреді. Мыса­лы, Мұхтар Бақтыгереев талантты­ актер ретінде ғана танымал. Ал оның бүгінгі миллионерлерден бір мысқал кем болмағанын көпшілік біле бермейді. Күндей күркіреген сирек дауыс иесі Бақтыгереевті бай-бағланның қатарына бастап барған «Қазақфильмнің» дубляжы­ екен. Әр фильмді дыбыстаған сайын қалта-қалта қаламақыға қарық болатын дубляж актерлерінің көшбасында Бақтыгереев жүрді. Сахна сайыпқыраны ғана емес, киноның да майталманы, әр түскен туындысы мен дыбыстаған фильмі үшін есепсіз байлыққа кенелетін актер ақкөңіл мінезімен қоса, мәрт болған. 1990 жылдардың то­қы­рауы тұ­сын­да министрліктен қар­жы­ бөлінбей, театр­ әртістері жалақы ала алмай қинал­ған қысылтаяң кезде, қой­ны­-қоны­шы­нан­ ақша бұрқырап жүре­тін­ Мұхтар аға­мыз әріптестеріне өз қал­та­сынан ай­лық үлестіріп те жіберетін бол­ған.­ Қолы ашық ағаларының мырза­ мі­незін жақсы білетін театрдағы қа­рын­­дас­тары майысып: «Мұхтар аға»­ деп­ ерке­леген бетте-ақ, екі қолын кос­тю­мінің­ ішкі-сыртқы қалтасына бірдей жүгір­тіп,­ қызылды-жасылды қағаздарды бұр­қыратып суырып алып шығатын Атым­тай жомарттығына анау-мынау­ шонжарың ілесе алмайтын. Егер қарын­дас­тары мұрнынан шаншылып назар­ аударуға мұршасы болмай жатса,­ үнемі алқа­лағанға үйреніп қалған аға­ла­ры:­ «сендер бүгін неге маған ерке­ле­мей­ қалдыңдар?» деп ызаланып, бұрқ-сарқ­ ашуланып, есікті тарс жауып шы­ғып­ кететін. Бұл да бала секілді өнер адамы­ның­ бір мінезі.

 

Қылышсыз қаһар

Кәдірбек ДЕМЕСІН,

Қазақстанның ең­­бек сіңірген әртісі:

– Бірде гастрольде­ спек­такльде ойнап жатады. Әртіс те адам, шар­шайды. Мұздай болып батырдың киі­мін киіп жасанып алған Атагелді Смайылов белбеуді таққан, қыны бар, бірақ қылыш жоқ. Сахна сыртында кезегін күтіп әріптесімен әңгімелесіп отырады. Әңгімелесіп отырып асықпай етігін киеді. Етікті киген соң, аз-маз аялдап тұру ол кісінің әдетінде жоқ, етікті киген бойда сахнаға тартады. Атагелдіні көре сала, күтіп тұрған «қарсыласы» «жекпе-жек!» дейді. Атагелді ағамыз да «жекпе-жек!» деп қарсы атой салады. Ұмтылғанын қайтейін, суырайын десе, қылыш жоқ. Сонда актер еш саспастан: «Түүу, безобразие, қылыш қайда кеткен-ей» деген екен.

 

Шымылдық жағалаған шешен

Жомарт ЗЕЙНӘБІЛ:

– Бірде актри­са­­лардың бірі балаларға арналған спек­­­такльде ойнауға тиіс екенін тарс есі­нен­ шығарып алады. Театрдағылар: «Қай­дасыз?» деп хабарласса, тау­дың­­ етегіндегі «Қазақфильм» ықшам­ауда­нында тұратын актриса: «үйдемін, қазір так­си ұстап барайын» дейді. Спек­такль әне-міне басталуы керек. Кіш­кен­тай көрер­мендер шымылдықтың ашыл­ға­нын тықыршып күтіп отыр. Талай буын актерді тәрбиелеген педагог, бел­­­гілі сахна шебері, театр директоры­ Райымбек Сейтіметов елді ұйытып қоя­тын­ шешендігімен, білімдарлығымен бел­гілі адам. «Төтенше жағдайға» орай ди­ректордың өзі сахнаға шығып, еш сас­­­пастан: «балалар, сендер үлкен өнер орда­сы театрға келдіңдер...» деп жұмсақ да­уысымен ұзын-сонар дәрісін бастайды.­ Он минуттан аса сөйлеп, аяңдай басып ке­ліп, шымылдықты түріп ақырын ғана: «келді ме?» дейтін көрінеді. «Жоқ». Сөзге ділмар Сейтіметов әңгімесін қайта жал­ғайды. Жарылардай болса да, жақсы тақы­рып тауып, балалардың көңілін сөз­бен аулап жүрген шешен шымылдық жақ­ты жағалап жүрген болып сыбырлай­ды:­ «келді ме?» «жоқ!» Жарты сағат де­генде әрең жеткен актрисаның төбесі көрін­геннен шыдамы шиыршық атып тұр­ған директор «шық енді, ойна!» деп, асы­ға басып, жүре берген екен.

Төрт күнге созылған «Алтын сақа» фес­тивалінің алғашқы бөлімі аға буын­ әртістердің осы тектес әсерлі есте­лік­терімен аяқталды. Нағыз көңіл тол­қы­­­тар­ сәт енді туды. Фестивальде  Фархад Молдағали сахналаған  «Король Лир», «Болмаған балалық шақ», Дина Жұма­бай­дың көркемдік ізденісінен туған «Ақ кеме», «Қаһар», «Оян, қалыңдық» және  Ольга Малышева қойған «Дилфизо мен Донада» атты алты спектакль қазылар алқасының сараптауына ұсынылды. Көрермендер арасын­да­­ жүргізілген сауалдама нәтижесі бо­йынша «Көрермен көзайымы» арна­йы­­ жүлдесі Дархан Сүлейменовке, Райымбек Сейтіметов атындағы «Үздік де­бют» жүлдесі «Болмаған балалық шақ»­ спектакліндегі Ақберен бейнесі үшін­ Жақсылық Тұрлығазыға, Бибиза Құ­ланбаева атындағы «Үздік дебют» осы­ қойылымда Маржанды кейіптеген Мөлдір Қонысқызына, Роза Әшірбекова атындағы «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» Ақмарал Дайрабаеваға, Тамара Қосыбаева атындағы «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» Толқын Нұрбекова, Ақбота Рахатоваға, М.Бақтыгереев атын­да­ғы «Екінші пландағы үздік ер адам бей­несі» Әсет Иманғалиға табысталды. «Театр өнерінің дамуына қосқан ерекше үлесі­ үшін» ата­лымы бойынша Сағызбай Қара­балин, Гүлжамал Қазақбаева, Қадыр­қазы Қуандықов, Сәкен Рақышев, Шол­пан Сіргебаева, Тынышкүл Сұлтан­бер­диева марапатталды.­ Жамал Бек­та­сова атындағы «Үздік әйел бейне­сін», «Қаһар» спектакліндегі Медея рөлі­ үшін­ Гүлбаһрам Байбосынова, Ата­гел­ді Смайылов атындағы «Үздік ер­ адам­­ бей­несін» «Оян, қалыңдық» спек­так­лін­дегі Күйеу жігіт образы үшін­ Елдар Отар­баев иеленді. Аққағаз Мәмбетова атын­дағы «Жыл актрисасы» жүл­десін Жанар Мақашева, Кененбай Қожа­бе­ков­­ атын­дағы «Жыл актерін» «Король Лир»­ спектакліндегі Сайқымазақ рөлімен Сафуан Рысбайұлы жеңіп алды.

 

АЛМАТЫ