Қоғам • 31 Наурыз, 2023

Алматыда газ тарифі прокуратура тексерісінен кейін төмендеді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда тауарлық газға тариф төмендетілді, деп хабарлайды Egemen.kz қала прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматыда газ тарифі прокуратура тексерісінен кейін төмендеді

Тексеру нәтижелері бойынша «APL Construction» ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуы, сондай-ақ орамішілік газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану анықталған.

«Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың текше метр үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7 пайызға), 184 миллион теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді, сондай-ақ монополист ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды және 78 миллион теңге айыппұл өндірілді», делінген хабарламада.

Қабылданған шаралар бойынша Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарының 11 мың тұтынушының құқығы қорғалды, олардың 300-ден астамы кәсіпкерлер.