Қоғам • 31 Наурыз, 2023

Биыл қазақстандықтардың жалақысы 12%-ға өсті

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысы орта есеппен 12%-ға көтерілді. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл қазақстандықтардың жалақысы 12%-ға өсті

«Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде өткен жылы 2,5 мың жұмыс беруші 5-тен 50%-ға дейінгі бөліністе 2 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын көтерді.  2023 жылдың басынан бері 1,7 мың жұмыс беруші 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын орта есеппен 12%-ға көтерді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», деді Төлеген Оспанқұлов.