Бокс • 31 Наурыз, 2023

Геннадий Головкин бокстан кететінін мәлімдеді

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) белгісіз мерзімге бокстан кететін болды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Геннадий Головкин бокстан кететінін мәлімдеді

Бұл туралы мексикалық Хайме Мунгияның бапкері (41-0, 33 КО) Эрик Моралес GGG-мен ықтимал жекпе-жегі туралы ақпаратқа түсініктеме бере отырып мәлімдеді.

«Менің ойымша, енді жоқ», деді Моралес әлемдік титулдарынан бас тартқаннан кейін қазақстандықпен кездесу мүмкіндігі туралы.

Головкин орта салмақта WBA және IBF чемпионы болғанымен, бірнеше апта бұрын титулдарынан бас тартқан болатын. Ал Zanfer және Golden Boy промоутерлік компаниялары Мунгияның қазақстандықпен жұдырықтасуына қызығушылық танытқанымен, Моралес Геннадийдің біраз уақыт жекпе-жек өткізбейтінін естіген.

«Компаниядан Головкиннің белгісіз мерзімге бокстан кететінін  естідім. Ал егер ол қайтып оралса, ол бәріне хабарлайды», деді Эрик Моралес.