Ғылым • 31 Наурыз, 2023

Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді, енді ол Президенттің тікелей назарында болады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді
Енді ол Перзидент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы деп аталады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің барлық жетекші елдеріндегі сияқты мекеме қызметкерлерінің мәртебесі де артатынын айтқан еді. Ғалымдар қауымы тарихи шешімді қуана қабылдады.
 
«Жақын арада Ұлттық Кеңестің ғылым және технология бағытындағы отырысы өтеді. Соның нәтижесінде алға тартар сұрақтар мен ғылым пиоритеттері талқыланып, соған сәйкес өндіріске бірқатар өзгеріс енгізіледі деп ойлаймыз», дейді 
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки.

Ал Дария Қожамжарова бұл шара үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.

«Біздің осы Ұлттық статусқа келуіміздің өзі   үлкен перспективаларды ашады. Оған отандық ғылымның дамуы, ғылыми коллобарацияның жүзеге асуы жатады», деді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы.