Саясат • 31 Наурыз, 2023

Атырау қалалық мәслихатының төрағасы сайланды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қалалық мәслихатының депутаттары төраға лауазымына Нұрбол Құрманды сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау қалалық мәслихатының төрағасы сайланды

Нұрбол Оразбайұлы 1976 жылы Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында дүниеге келген.

Бұдан бұрын да Атырау қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған. Бұған дейін «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры болып жұмыс істеген.

Мұнайлы шаһар мәслихатына бір мандатты окургтерден 25 депутат сайланған. Депутаттардың арасында «Amanat», «Ақжол», «Байтақ», «Аманат», «Ауыл», «Қазақстан халық партиясы» партияларының өкілдері бар. Олар мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері, экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелер, әлеуметтік және мәдени даму және заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының құрамына енді.

«Бұл комиссиялардың төрағалығына Қаршыға Жауымбаев, Ильяс Қонысбаев, Айжан Сәрсембаева мен Вадим Құлмағамбетов сайланды. Тұрақты комиссиялардың отырысында тұрғындардың проблемалық мәселерге байланысты өтініштері мен ұсыныстары талқыға түседі. Кейін қалалық мәслихаттың сессиясында қаралады», деп хабарлады Атырау қалалық мәслихатынан.