Оқиға • 31 Наурыз, 2023

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейнематериалдардың бірінде жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады

Екі жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан   қызды жолдан өткізбеген,    қыз екі рет аман қалған. 

Жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін Hyundai Accent автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі және Volkswagen Touran автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ жүргізушілермен осындай фактілерге жол бермеу туралы алдын алу әңгімесі жүргізілді.  

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер жолдарының, автобустар мен трамвай аялдамаларының жанында сергек және мұқият болу туралы ескертеді.