Қоғам • 31 Наурыз, 2023

Елордада 14 жерінен пышақталған имамның жағдайы белгілі болды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада бірнеше жерден пышақ жарақатын алған мешіт қызметкері ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 14 жерінен пышақталған имамның жағдайы белгілі болды

«Науқас жазылып үйіне шықты, өзін жақсы сезінеді. Оның толық қалпына келуіне біраз уақыт керек», дейді №3 қалалық көпбейінді аурухананың емдеуші дәрігері, хирург Арман Сарқытбай.

Өз кезегінде пациент Мұслухаддин Надыров аурухана басшылығы мен дәрігерлерге ризашылығын жеткізді.

«Мені ауруханаға 14 жерден пышақ жарақатымен, ес-түссіз алып келді. Дәрігерлер жанымды аман алып қалды. Хирургия бөлімінің жетекшісі Сергей Вервейн мен емдеуші дәрігер Арман Сарқытбайға алғысым шексіз», дейді жазылып шыққан мешіт қызметкері.

Еске салайық, 14 наурызда Астанада ер адам имамды пышақтап кеткен еді.