Қоғам • 31 Наурыз, 2023

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелеріне жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау толықтай автоматтандырылды, деп хабарлады  Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелеріне жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады

Соған сәйкес, қызмет көрсету мерзімі 7 күннен 1 күнге дейін қысқарады.

«Егер көп балалы ана «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған болса, тиісті мәліметтер министрліктің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі. Әрі қарай жүйе проактивті форматта жәрдемақы тағайындауға келісім алу үшін 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жібереді. SMS-хабарламаға оң жауап алынған жағдайда жүйе жәрдемақы тағайындау туралы шешімді мүлдем адамның қатысуынсыз автоматты түрде қабылдайды», делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдағы уақытта бұл тәсілді басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолданысқа енгізбек.