Ауа райы • 01 Сәуір, 2023

Алматыда ауа сапасы нашарлайды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» мамандары бүгін, яғни 1 сәуірде Қазақстан өңірлерінде қалыптасатын ауа сапасына болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Басқа өңірлерде атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.