Қоғам • 21 Сәуір, 2023

Қазақстанның бойы ең ұзын тұрғыны кім?

729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы Индер ауданында тұратын Парасат Нұрғалиев Қазақстанның рекордтар кітабына «Елдегі ең ұзын адам» болып енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бойы ең ұзын тұрғыны кім?

Фото: Аzh.kz

Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергеновтің мәліметінше, Парасат алпауыттың ресми мәртебесінен бөлек, еліміздегі ең үлкен аяқтың да иесі. Оның аяқ өлшемі - 56.

Айта кетсек, Парасаттың бойы - 2 метр 18,5 сантиметр, ал салмағы - 150 келі.