Қазақстан • 22 Сәуір, 2023

Мемлекет меншігіне 891 мың гектар жер қайтарылды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда игерілмей жатқан және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында құрылған комиссияның жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет меншігіне 891 мың гектар жер қайтарылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, жыл басынан бері Жер ресурстарын басқару комитетінің республика бойынша аумақтық бөлімшелері жер пайдаланушыларға қатысты 486 мың га алаңда жоспардан тыс 381 тексеруді тіркеді, нәтижесінде 304,7 мың га алаңда 152 нұсқама енгізілді.

Сонымен қатар, 891,7 мың га бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды. Бұдан басқа, әкімдіктерге қатысты 65 тексеру жүргізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру туралы 117 заңсыз шешім анықталды.

«Бұл бағыттағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Екі жыл ішінде қайтарылуға жататын 10 млн гектардың ішінде мемлекет меншігіне барлығы 6,3 млн гектар жер берілді. Бұл ретте мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері халықты жайылымдармен оңтайлы қамтамасыз ету мақсатында бастапқы кезде аудандардың резервіне қойылатынын атап өтеміз. Яғни, жоғарыда аталған жер учаскелері сол маңдағы ауыл тұрғындары  пайдаланылатын ортақ жерлермен қамтамасыз еткеннен кейін ғана конкурстарға шығарылатын болады», делінген ведомство хабарламасында.