Спорт • 10 Мамыр, 2023

«Қаны қазақ қой»: Өзге құрамадағы қазақ жігіті қандасына әзілдеді

11594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Руслан Абдуллаев қандасы Дулат Бекбауовқа әзілдеп, бүйірінен түрткен видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаны қазақ қой»: Өзге құрамадағы қазақ жігіті қандасына әзілдеді
Видеода Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті Абдуллаев Қазақстан құрамасындағы қандасы Бекбауовқа әзілдеп, бүйірінен түрткен сәт бейнеленген. 
 
 
 
«Қандай жылы, жарасымды көрініс!», «қаны қазақ қой енді», «керемет сәт» деп видео астына пікір қалдырған желі қолданушылары қазақтың былғары қолғап шеберлеріне сүйіспеншілік танытты.
 
Айта кетейік, Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финал кезеңінде Румыния өкілі Андрей Мустетті айқын басымдықпен жеңген еді