Спорт • 15 Мамыр, 2023

Ташкенттегі әлем чемпионатында жаппай тәртіпсіздік болды

10744 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіл әлемнің назарын аудартқан Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатында жаппай тәртіпсіздік орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ташкенттегі әлем чемпионатында жаппай тәртіпсіздік болды

Турнир халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) қолдауымен өтті. Оның басшысы ресейлік Умар Кремлев. 

Бұл жарыста IBA Ресей командаларына қатысып, әнұранын шырқауға рұқсат берді. Осыған байланысты әлем чемпионатына Ұлыбритания, АҚШ, Ирландия, Чехия, Канада, Швеция, Жаңа Зеландия бойкот жариялады. 

Ташкентте түсірілген кадрлардың бірінен жанкүйерлер орындықтардан секіріп, рингке қарай жүгіріп бара жатқанын көруге болады.

Тағы бір видеода жергілікті көрермендердің бокс қолғаптарын алып кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған.