Қоғам • 01 Маусым, 2023

Қайрат Сатыбалдының қылмыстық жолмен алынған 14 миллион доллары елге қайтарылды

1836 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру аясында елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Сатыбалдының қылмыстық жолмен алынған 14 миллион доллары елге қайтарылды

«Биыл мамыр айының соңына қарай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен, халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін Бас прокуратурамен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтарды», делінген хабарламада.

Бұл қаражат мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылады.

Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке заңсыз сатып алынған Қ. Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттары қайтарылды.

Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді.

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.