Әдебиет • 01 Маусым, 2023

Мағжан ақын ұлықталды

276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көкшетауда «Алаш руха­ниятындағы Мағ­жанның орны мен қыз­меті» атты респуб­лика­лық конференция өтті.

Мағжан ақын ұлықталды

Алдымен жырсүйер қа­уым­ның назарына ұлт қамын жеген ұлы­лардың көкірегіндегі асыл арман, ізгі мұрат ишарасы ұсы­нылды. Мың құбылған за­манда соңынан ерген, медет тұтқан алты Алашын қалай аман алып шығуды ойлап, жар ше­тінде тұрған Кенесары бейнесі. Азаттық жолындағы арпалыс. Соңғы шешім. Қаумалаған қара бұлттың ар жағынан себезгілеп сәуле көрінеді. Заман алмасқан. Күні кеше алты Алашты со­ңынан ертуді арман еткен Ке­несарыдан кейін жалынды жы­рымен жарқ етіп Мағжан шығады кеңістікке. Алаш аспаны әлі де түнеріп тұр. Ақын жүрегін жарып шыққан жалынды жырларымен әлдилемек, кү­рес­керлік, қайраткерлік рухымен дем бермек, сырлы са­зымен жебемек.

мсячи

Конференцияны Ш.Уәлиха­нов атын­дағы Көкшетау универ­си­тетінің ректоры, белгілі ғалым Марат Сырлыбаев ашып, жүр­гізіп отырды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Ра­мазанов өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың жыр алыбына деген ілтипатына оранған жү­рекжарды құттық­тауын жет­кізді. «Қазақ га­зеттері» ЖШС бас директоры, саяси қу­ғын-сүргін құр­бандарын толық ақ­тау жөніндегі мемлекеттік ко­миссияның мү­шесі Дихан Қам­за­­бек­ұлы «Мағжан тұлғасы және мем­лекет­шілдік» атты мазмұнды баяндама жасап, исі қазақ үшін қасиетті, бірлік пен берекеге шақыратын аяулы Алаш ұғымына, ұлы Мағжан ақын­ның қай­рат­керлік қырына тоқталды. Сон­дай-ақ тарих ғы­лымдарының докторы, профессор Ма­рат Әбсеметов, бел­гілі ғалым Бақ­тыбай Жұмаділдин, көк­­ше­таулық жазушы-драматург Жа­бал Ерғалиев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау универ­си­тетінің оқы­тушысы, ғалым Ер­­бо­лат Баятұлы, Астана қала­сын­дағы жастар театрының актері Мейір­­ғат Амангелдиндер сөз сөй­леп, Мағжан ақынның сан қы­рын ашып көрсетті.

Сөз өнерін айрықша сыйлайтын Көкше топырағында әр­дайым жұлдызы жоғары Мағ­жан ақынның бар мұрасы толайым халқымен қайта табысқан әсерлі де әдемі кеш болды бұл.

 

КӨКШЕТАУ