Өнер • 01 Маусым, 2023

Дәстүрлі әншілер кеші

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ ән өнерінде айшықты қолтаңбасы бар ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына орай Екібастұзда «Арқадан ән оздырған Ақан сері» атты дәстүрлі әншілер кеші өтті.

Дәстүрлі әншілер кеші

Кеш шымылдығын «Жай­қо­ңыр» қазақ ұлттық фольклорлық ансамблі күймен ашты. Сондай-ақ бұл күні еліміздің еңбек сіңір­ген қай­раткері, Торайғыров уни­вер­сите­тінің профессоры Ер­бол Айт­баев, мәдениет қайрат­кері Жә­нібек Мәліков, И.Бай­зақов атын­дағы облыстық филар­мо­нияның әншісі Жанболат Бай­солтан, республикалық және ха­лықаралық конкурстардың лау­реаты Салтанат Қисатова, ус­пен­дік өнерпаз Ербақ Құрметжан өз өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар Ақан сері атын­дағы І республикалық кон­курс­­тың бас жүлдегері Жай­дар Шұ­­нан, «Өнер» қалалық мә­дениет сарайының әншісі Мұ­хит Нұрбол, Ес­тай атындағы ба­лалар музы­ка мек­тебінің өнер­паздары Ма­ней­хан Қуан­дық, Азамат Әсет, Тіле­ген Біләл, «Ата­­мұра» мәде­ниет орта­лы­ғы­ның дәстүрлі әншілері Жо­март Қа­быкенов, Сұңғат Кө­пежанов, Болатбек Шаланов, жас әнші Айдын Бейсен, халық арасынан шыққан бүркітші, атбегі, ән­ші Қуат Кәрімов көрерменнің ыс­тық ықыласына бөленді.

Атап өтерлігі, ән кешінің фор­­маты бұл жолы өзгешелеу бол­­ды. Жас ақын Ерболат Әмі­ренов әншілерді жай хабарлаумен шектелмей, орындалатын әндер­дің шығу тарихы, өнер зерт­теу­шілерінің берген бағасы тура­лы қысқа мәлімет айтып отыр­ды.

Жиналған жұртшылық Ақан серінің шоқтығы биік «Сы­рым­­бет», «Балқадиша», «Ма­ң­маң­гер», «Ләйлім шырақ», басқа да әндерін ерекше қабылдап, өнер­­паздарға тік тұрып, құрмет көр­сетті.

Сондай-ақ кеш барысында Талант Тежекенов пен Қайрат Тоқан композитордың «Кербез керік», «Ұзақ ақжелең» күйлерін орындап, халық қошеметіне ие болды.

 

ЕКІБАСТҰЗ