Қоғам • 19 Маусым, 2023

Субсидия суды үнемдейтін фермерлерге беріледі - АШМ

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді субсидия тек су үнемдеу технологияларын қолданатын фермерлерге ғана беріледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Субсидия суды үнемдейтін фермерлерге беріледі - АШМ

Министрдің айтуынша, суармалы судың жетіспеушілігі өзекті мәселе болып отыр. Осындай жағдайда суды ысырап етуге жол берілмеу керек.

«Фермер үшін ең оңтайлы шешім – су үнемдейтін технологияларды енгізу. Егер мұндай технологияларды енгізетін фермер үшін «оң шешім» инвестициялық субсидиялаудың жоғарылауы болса, онда «теріс шешім» суға жұмсалатын шығындар артады. Мысалы, қазіргі уақытта су беру қызметтерін өтеу бойынша субсидияны суару әдістеріне қарай саралау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Яғни субсидияларды бұрынғы деңгейде тек су үнемдеу технологияларын қолданатын фермерлер ғана алады», деді министр Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.