Оқиға • 09 Шілде, 2023

Атырау облысында қамыс жанып жатыр

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта авиа және жер үсті тәсілімен сөндіру арқылы қабылданған белсенді шаралармен жану аумағы 28 гектарға азайды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысында қамыс жанып жатыр

ТЖМ авиациясы қамыстың жану аймақтарына су төгу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.

Жалпы көлемі 200 тоннадан аса 68 рет су төгілді. 

Қазіргі уақытта сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Метеорологиялық жағдай: +40 градус, оңтүстік-шығыс жел 10-14 м / с. 

Төтенше жағдай орнына Атырау облысы бойынша ТЖМ және «Ақжайық» МТР бөлімшелерінің 100-ге жуық адамы мен 20 бірлік техникасы жұмылдырылды.