Оқиға • 13 Шілде, 2023

Жұдырығымен жұртты жайпаған боксшы істі болды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы сауда орталықтарының бірінде қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің қатысуымен болған төбелес фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жұдырығымен жұртты жайпаған боксшы істі болды
ҚР Ішкі істер министрлігі осы жылдың 18 маусымында Астанадағы сауда орталықтарының бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрғанын еске салды.
«Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», делінген хабарламада.
Ведомство Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқанын, соның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетінін атап өтті.
 
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде бір ер адам бала ұстап отырған екінші азаматқа тап беріп, бірнеше рет соққыға жыққаны бейнеленген видео тараған еді. Кейін жұдырық ала жүгірген адам бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов екені анықталды. Біраз уақыт өткеннен кейін спортшы өзінің желідегі парақшасында оқиғаның мән-жайын айтып, балалар арасындағы жанжал әкелердің төбелесіне ұласқанын айтты.