Жеңіл атлетика • 14 Шілде, 2023

Кимутайдың күмісі

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиланд астанасы Бангкокта жалауы желбіреген жеңіл атлетикадан XXV Азия чемпионатының бірінші күнінде ел қоржынына алғашқы күміс медаль түсті.

Кимутайдың күмісі

Спортты дамыту дирекциясының мәлі­меті бойынша Азия біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде атлеттер 10 мың метрге жү­гіруде жүлделерді сарапқа салды. Бұл сында ел намысын қорғаған ерлер ара­сын­дағы ұлттық құраманың өкілі Шадрак Ки­мутай Коеч аталған қашықтықты 29 минут 31,63 секунд уақытта жүгіріп өтіп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бас жүлдені жапониялық желаяқ Рен Тазава жеңіп алса, қола медаль үндістандық атлет Пал Абхишекке бұйырды.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жал­пы­командалық есепте 4-сатыда тұр. 16 шілдеге дейін жалғасатын сары құрлық бәсе­кесінде ел намысын 31 спортшы қорғап жатыр.