Ауа райы • 19 Шілде, 2023

Елімізде жаңбыр жауып, күн суытады

1247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің болжамы бойынша, 20-22 шілдеде Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, күн суытуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде жаңбыр жауып, күн суытады

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

«Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін төмендейді», делінген хабарламада.

Болжам бойынша, 21 шілдеден бастап еліміздің батысында жауын-шашын тоқтайды.