Жемқорлық • 20 Шілде, 2023

Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлері жемқорлықпен ұсталды

99 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігінің Комитет төрағасы мен департамент басшылары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлері жемқорлықпен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жоғары лауазымды шенеуніктер арасында жемқорлықтың жүйелі фактілерін анықтау аясында Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, осы ведомствоның бөлімше басшыларының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті. 

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жартыжылдық қорытынды отырысында Төраға Асхат Жұмағали хабарлады.

«Жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтары парақорлықпен әшкереленді. Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деп күдіктенеді. Пара сомасы 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейінгі аралықты құрайды», делінген хабарламада. 

Сондай-ақ ТЖМ Өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша ТЖД басшыларының біріне қамқоршылық жасаған.

Қазіргі таңда күдіктілер ұсталып, УҰИ-на қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Аталған лауазымды адамдардың басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», деп еске салды ведомство өкілдері.