Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Әбдиев ерекше қажеттілігі бар адамдардың мәселесін жиі қозғап, оларға әуе билетіне жеңілдік қарастыру керек екенін депутаттық сауалдарында көтерген еді.
«Менің алғашқы депутаттық сауалымның бірі мүгедектігі бар жандарға әуе билетіне жеңілдіктің жоқтығы жайлы болды. Осы мәселе бойынша Парламент қабырғасында тақырыптық отырыс ұйымдастырдым. Оған мемлекеттік органдар мен әуекомпаниялардың өкілдері қатысты. Әуетасымалдаушылардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдіктер жариялады», деп жазды Ерлан Әбдиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.