Ауа райы • 22 Шілде, 2023

Бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі сақталады

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» 22 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі сақталады

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында жауын-шашын болмайды. Ел бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте тұман, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

«Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағанды, Абай, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық болады.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады», деп жазды синоптиктер.

Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі болады.