Жәдігер • 31 Шілде, 2023

Әйгілі Лувр музейінде өтетін көрмеде «Алтын адам» қойылады

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылы өтетін Париждің Лувр музейіндегі қазақ өнерінің көрмесі аясында келушілердің назарына «Алтын адам» тарихи жәдігері ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйгілі Лувр музейінде өтетін көрмеде «Алтын адам» қойылады

Ғажайып жәдігерді халықаралық деңгейде ұлттық брендке айналдыру мақсатында бұған дейін «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы әлемнің 12 мемлекетінде жүзеге асырылған.

Ұлттық музейдің хабарламасында: «2026 жылы Франциядағы Лувр музейінде Қазақстанның ұлттық көрмесін ұйымдастыру аясында «Алтын адам» мен музейдегі тарихи құндылығы бар заттар жәдігерлерді іріктеу комиссиясына ұсынылады», делінген.