Маңғыстау облысында «Сергек» бақылау жүйесі 1 шілдеде іске қосылған. 148 бейнекамера 18 шілдеге дейін тест режимінде жұмыс істеді. Қазір барлығы жолдағы заңбұзушылықтарды жедел тіркеп жатыр. Мәлімет бірден процессингтік орталыққа келіп түседі. Мұнда әр бейнежазба 30 күн сақталады екен.
«108 камера Ақтау қаласында, 40 Мұнайлы ауданында тұр. 8 күннің ішінде «Сергек» арқылы 2 171 құқықбұзушылық дерегі анықталып, 21 млн 971 мың теңгеге айыппұл салынған. Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 811-бабының, 1-бөлігіне сәйкес салынған айыппұлдың 7 тәулік ішінде 50% төлеу мүмкіндігі қарастырылған», деді облыстық ПД ӘПБ бөлім бастығы Тимур Жұмалиев.
Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында ереже бұзған көлік жүргізушілеріне 22 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Қазақстанда әскерилер арасында қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Бүгін, 15:33
Қазақстанда 1 шілдеден бастап интернет тарифтері қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 15:22
Сенат Спикері Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 15:11
Елордалық спортшы пара жүзуден әлемдік серияның екі дүркін қола жүлдегері атанды
Спорт • Бүгін, 15:03
Алдағы үш күнде елімізде үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 14:50
Қытай университеттерінде қазақ тілі оқытылады
Білім • Бүгін, 14:42