Қоғам • 26 Тамыз, 2023

Елордада бірнеше көше жөндеуге жабылады

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірден бірнеше көшеде жөндеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осыған байланысты жөнделетін учаскелерде қозғалыс уақытша жабылды, деп  жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада бірнеше көше жөндеуге жабылады

Фото: ашық дереккөз

Мәселен, жол төсемін жөндеу Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында жүргізілуде.

Осыған байланысты 26-27 тамыз аралығында осы учаскеде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

26-31 тамыз аралығында Тәшенев көшесінен Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Республика даңғылында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Мұнда да жөндеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, орташа жөндеуге байланысты 26-31 тамыз күндері Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралықтағы Түркістан көшесі жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар