Қоғам • 02 Қараша, 2023

Вепсілер, ижорлар, нганасандар: Қазақстанда тағы қандай этностар тұрады?

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылы жүргізілген халық санағының қорытындысы бойынша елімізде мекен ететін этностар саны – 124, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.  

Вепсілер, ижорлар, нганасандар: Қазақстанда тағы қандай этностар тұрады?

Фото: liter.kz

Олардың арасында ливтер, вепсілер, орочтар, долгандар, даниялықтар, удэгейлер, цахурлар, мансылар, нанайлар, моңғолдар, селькуптер, чукчалар, ульта, нивхтер, ижорлар, кеттер, коряктар, қырымшақтар, нганасандар, саамдар, чуван сынды этнос өкілдері бар. Елімізде жүргізілген соңғы санақтың сауалнамасына ұлтын көрсетпеу деген жауап нұсқасы да енгізілген  болатын. Соның негізінде санаққа қатысып, сауалнама толтырғандардың арасында 24,8 мың адам өзінің ұлтын жазудан бас тартқан. «Басқа ұлт»  деген  жауапты таңдағандардың қатары 47,5 мың адамға жеткен, 2009 жылғы санақ кезінде  тек 8 адам ғана осы жауапты белгілеген болатын.