Сайлау • 07 Қараша, 2023

Әкімдер сайлауы қалай өтті?

161 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жексенбіде еліміз маңызды тағы бір саяси белесті бағындырды. 5 қара­шада алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті.

Әкімдер сайлауы қалай өтті?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда бұл науқан қанатқақты режімде басталатынын мәлімдеген болатын. Соған сәйкес саяси бәсеке өтетін мезгіл белгіленіп, дайындық жұмыстары басталып кетті.

«Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тіке­лей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арт­тыру да маңызды. Ауыл, кент және ауыл­дық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкім­дердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкім­дерін сайлап көреміз», деді Мемлекет басшысы.

Орталық сайлау комиссиясы тарат­қан мәліметке сүйенсек, облыстардың мәслихаттары осы сайлауды өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекітті. 1 553 сайлау комиссиясы: 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1 491 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды.

Сайлау балама негізде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді. Саяси бәсекеге қатысып, таңдауын жасағандар саны 62,79 пайызды құрады. Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды.

Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Дауыс беру күні байқауды кандидаттардың 8 500-ге жуық сенім білдірілген адамы, байқаушы мен БАҚ өкілі жүзеге асырды.

Облыстық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, елорда уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бо­йынша өңірлерде барлық 1491 аудандық және қалалық сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.

Ең ірі 305 сайлау учаскесінде (1 000-нан аса сайлаушы) ЦДИАӨМ және «Аза­маттарға арналған үкімет» КеАҚ-мен бірлесіп, сайлаушылар тізі­міне кірме­ген, бірақ сайлау учаскесі­нің аумағында тұратын мекенжай мәлімет­терін тексеру үшін сервис ұйымдастырылды.

Жамбыл және Түркістан облыстары­ның 3 сайлау учаскесінде «Қазақстан Респуб­ликасындағы сайлау туралы» Конс­титуциялық заң шеңберінде аумақ­тық сайлау комиссияларының қабыл­данған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталды.

Қазақстан Республикасының аумағын­дағы уақыт белдеулерінің шекара­­­ларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Аты­рау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының сайлау учас­келері Астана уақыты бойынша сағат 08.00-де ашылды. Сайлаушылар тізі­міне 1 062 327 азамат енгізілді. 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024