Мәдениет • 10 Қараша, 2023

Қазақстан - Өзбекстан мәдени байланысын нығайтудың «Жол картасы» әзірленеді

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ташкент қаласына жұмыс сапары шеңберінде Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбековпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Орталық коммуникациялар қызметі сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан - Өзбекстан мәдени байланысын нығайтудың «Жол картасы» әзірленеді

Фото: ОҚК

Кездесу барысында Аида Балаева екі елдің мәдениет саласындағы өзара сенім мен серіктестіктің жоғары деңгейіне тоқталды.

Тараптар ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылай келе министрліктер арасындағы іс-қимылдың нақты қадамдары мен тетіктерін айқындайтын Жол картасын әзірлеуге келісті.

Құжатта көрсетілетін негізгі мәселелер қатарында екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты нығайту, тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, іс-шаралар ұйымдастыру арқылы мәдени мұраны байыту және т.б. бар.

Кездесу соңында екі елдің ведомство басшылары бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.