Оқиға • 13 Қараша, 2023

Болат Назарбаев өмірден озды

708 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Болат Назарбаев өмірден озды

Фото: ашық дереккөз

«71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды», деп жазды ол. 
 
Еске салайық, Болат Назарбаев 4 қарашада екінші рет инфарктпен Алматының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған еді.