Спорт • 17 Қараша, 2023

Бүгін Мейірім Нұрсұлтанов Хулио Аламоспен жұдырықтасады

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында бүгін кәсіпқой бокс кеші өтеді. Осы спорттық шарада отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов та рингке шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Мейірім Нұрсұлтанов Хулио Аламоспен жұдырықтасады

Фото: meiirim.nursultanov

Қарсыласы  – Чили боксшысы  Хулио Аламос.  Кәсіпқой бокста  осы уақытқа дейін 19 айқас өткізіп, барлығында жеңіске жеткен Нұрсұлтанның қарсыласы чилилік Аламос та тегеурінді боксшы. Кәсіпқой бокста 16 мәрте жекпе-жекке түсіп, тек 1 айқасында ғана жеңілді. Осы айқаста жеңген боксшының WBC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке түсу мүмкіндігі артады. Бүгінде WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуі америкалық Джермалл Чарлоның еншісінде.