gov.kz
Мониторинг жүргізген Теректі ауданының прокуратурасы оқушылардың суицид пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын сайттарға еркін кіру мүмкіндігі болғанын әшкереледі. Осылайша, жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Соның нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша 14 мектептің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокурорлық қадағалау актісімен ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қойылды.