Әлем • 11 Желтоқсан, 2023

Мәскеудегі сауда орталығында Өзбекстан азаматы серігін пышақтады

2715 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеудің солтүстік-батысындағы сауда үйлерінің бірінде Өзбекстан азаматтары төбелесіп, бір-біріне пышақ жұмсаған, деп жазады Egemen.kz  @videobormi телеграм арнасына сілтеме жасап.

Мәскеудегі сауда орталығында Өзбекстан азаматы серігін пышақтады

Фото: видеодан скрин

Оқиға 10 желтоқсан күні болған. Олардың жанжалына Өзбекстан азаматының дәріханадан дәрі-дәрмек ұрлап шыққаны себеп болған. Дәріхана қожайыны күзетшіні жұмысын жауапты орындамадың деп айыптаған. 

Айқай-шу, төбелеске ұласып, Мәскеудегі мигрант пышақпен серігінің ішін жаралаған. Қазір жарақат алған азамат емханада. Қылмыс жасады деген күдікті азамат қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған.