Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2023

Қаңтар қарлы, ақпан ақтүтек: Синоптиктер қыстың екі айына болжам айтты

44843 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елдің солтүстік, орталық аймағында қараша қарсыз өтіп, ауа райы тосын мінез танытты. Синоптиктер өткен айды «тарихтағы ең жылы қараша» деп таңбалады. Ал желтоқсанда күн райы жиі құбылып тұр. Айдың алғашқы күндері жылы өтсе де, кейінгі он күндікте қыс күшіне мініп, аяз қысты. Мамандар алдағы қыстың екі айы қаңтар, ақпанда елімізде қандай ауа райы болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қаңтар қарлы, ақпан ақтүтек: Синоптиктер қыстың екі айына болжам айтты

Синоптиктер қыстың қалған екі айы «тосын сыйларға» толы болады деп болжап отыр. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, биылғы қыста 2001-2002 жылдардағы сценарий қайталанады. Яғни, өткен жылдардағы қыс айларымен салыстырғанда алдағы екі ай жылы болады деп болжанып отыр. Дегенмен, қаңтар - қарсыз, ақпан - ақтүтек борансыз өтпейді.

«Қаңтар-ақпанда Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады. Желтоқсан айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал ҚР солтүстігі мен шығысында нормадан 1°С төмен болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктер болжамына сүйенсек, қаңтардың орта шені қарлы-аязды болса, ақпан айының алғашқы он күндігінде боран болуы ықтимал.