Әдебиет • 05 Қаңтар, 2024

«Романды 18 күнде жаздым». Халық жазушысы таңдаулы туындысы туралы айтты

2476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты бірнеше жылдан бері шетелде тұратын Мұхтар Мағауин «Жармақ» романын неше күнде жазғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Романды 18 күнде жаздым». Халық жазушысы таңдаулы туындысы туралы айтты

Фото: adyrna.kz

«Халық үні» ютуб арнасының тілшісіне сұхбат берген жазушы қазіргі жоспары жайында ой бөлісті. Түркия қоныс  аударып Кемерде тұрып жатқан жазушы  «Жармақ» романын екі аптадан аса уақытта жазғанын айтты. «2006 жылдан бері  елден жырақ жүрмін. «Жармақ» романын 18 күнде жазып аяқтадым да бір күн демалып алып, тағы бір күнде теріп шықтым» деді жазушы. Халық жазушысы Чехияда, АҚШ-та тұрды. Түркияға түбегейлі қоныс аударғанымен де АҚШ-қа жиі барып тұратынын, ол жақта немерелері оқитынын айтты.