Фото: meta-ratings.kz
«Бірінші бол» ютуб арнасына берген сұхбатында Ә.Қожамбетов екі жыл бұрын өткен әлем чемпионатының финалдық жекпе-жегін еске түсірді.
«Ертең финалдық айқас өтеді деген күні жайсыз хабар келді. Сәкен Бибосыновтың коронавирусқа қарсы тапсырған сынамасы оң нәтие көрсеткен екен. Енді қайтпек керек? Бұл дегенің боксшыны финалдық жекпе-жекке қатыстырмау деген сөз. Алтын медаль үшін америкалық Рисоку Хиллге қарсы айқасуы тиіс Сәкеннің жолы кесілмек. Дереу әуежайға тартып, екінші мәрте сынама тапсырдық – таза шықты. Бұл Бибосыновқа психологиялық қысым болғаны да шындық. Бірақ Сәкен ертесіне финалдық жекпе-жекте қарсыласын айқын ұтып, елімізге алтын медальмен оралды. Әлем чемпионатын ұйымдастырушылардың неліктен алғашқы сынамасы оң нәтиже көрсетті деп бізді уайымға салғаны белгісіз», деді бокс федерациясының атқарушы директоры.