Қоғам • 09 Қаңтар, 2024

«Күдіктілер бар». Шетелдіктер асырап алған Жәнібекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

61377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бармысың, бауырым!» хабарының редакторы Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында шетелдіктер асырап алған қазақ баласы Жәнібекке (Мұрат) қатысты соңғы жаңалықты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Күдіктілер бар». Шетелдіктер асырап алған Жәнібекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Арқалықтан Астанаға жолға шықтық. Осы сапарымыздың басты мақсатына сай - қылмыстық іс қозғалды. Қазір он-шақты әйелге күдік туып тұр. Мен Жәнібектің Қазақстандағы заңды өкілі ретінде, қылмыстық істер зерттеліп, аяқталмайынша, барлық мәліметтерді жариялауға құқым жоқ. Осыған қатысты тиісті құжатқа қол қойдым», дейді журналист.

Сонымен қатар Қымбат Досжан осы іске жанашырлық танытып, қол ұшын созған барша азаматтарға жылы лебізін білдіреді.