«Бүгін еліміздің шежірелі басылымының бірі – «Қазақ әдебиеті» газетінің алғаш жарық көргеніне 90 жыл толып отыр. Кезінде Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, С. Сейфулин, І. Жансүгіров сияқты әдебиетіміздің алыптары іргесін қалаған тарихи басылым сөз өнерінің алтын қазынасы. Оқырманының көзайымына айналған газеттің әр беті – тұнған тарих, әлі де жазары таусылмаған. Мемлекет басшысының бастаған реформалары мен халық үшін маңызды ақпараттарын қалың оқырманына талмай жеткізіп, ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғыртып келеді. Басылым қоғамымыздың рухани азығына айналып, жас қаламгерлердің шығармашылығын шыңдайтын абыройлы алаңға айналды. «Қазақ әдебиеті» газетінің ұжымын осынау мерейтоймен құттықтап, сіздерге таусылмас шабыт, толайым табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін», деп жазды министр құттықтау жазбасында.
Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген «Қазақ әдебиеті» газетіне - 90 жыл. Ғасырға жуық уақыт аралығында оқырманын әдебиеттің әр буынындағы жазушылардың жауһар шығармаларымен қауыштырып жүрген газет ұжымын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz
Риддерде банк қызметкері 9 күнде 32 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 00:21
Елімізде кімдер тісін тегін емдете алады?
Денсаулық • Кеше
Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Аймақтар • Кеше
20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше