![Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы – қола жүлдегер](/media/2024/02/22/5c526e49-0ef7-4237-a5a9-0e1a827d1fe9.webp)
Фото: qaz_olympics инстаграм
Із кесу командалық жарысында Қазақстан ерлер құрамасының (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) көрсеткіші 4:03.129 секунд уақытты құрап, қола жүлдеге қол жеткізді.
26 ақпанға дейін өтетін Азия додасына биыл 23 елдің үздіктері жиналған. Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр.