Тағайындау • 27 Наурыз, 2024

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 - 2022 жылы Астана қаласы әкімі лауазымын атқарған Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.