Қоғам • 04 Сәуір, 2024

Су тасқыны: Бірнеше автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ауа райының жылынуы және қардың тез еруі салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірнеше учаскесінде су тасқыны болып, бірнеше жол бөліктерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқыны: Бірнеше автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді

Фото: архив kursiv.media

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, қазіргі уақытта республикалық жолдарда 722 бірлік техника мен 1787 адам жұмылдырылған.

3 облыста (Атырау, Қарағанды, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 955 метр болатын су тасқыны болды.

4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар 5 автомобиль жолдарында (ұзындығы 336 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Осыларға қоса, шұғыл ақпарат келіп жетті. Хабарламада: «4 сәуірдегі сағат 16:00 шамасында еріген қар суы салдарынан Маңғыстау облысы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 210-220 шақырымында (Атырау облысының шекарасы-Боранқұл ауылы учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды», делінген.