Айбын • 04 Сәуір, 2024

Ұлан сарбаздарының үлесі

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысып жатыр.

Ұлан сарбаздарының үлесі

«Батыс» өңірлік қолбас­шылығы 5517 әскери бөлімінің 60-тан астам әскери қызметшісі мен 2 арнайы техникасы әске­ри Асан елді мекенінде су тасқынын бөгеу жұмыстарына қатысты. Ал 6655 әскери бө­лімінің қызметкерлері төрт ауы­сым бойынша 17 техниканың көмегімен Ақтөбе облысындағы Кирпичный кентіне көмек беріп жатыр.

Павлодар облысына қарасты Ақтоғай ауданының Шолақсор кентінде Сілеті өзені арнасынан асуына байланысты 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері халыққа көмектесу және су тасқынының алдын алу үшін шұғыл түрде ауданға бет алды. Сондай-ақ олар Жалаулы елді мекеніндегі су тасқынына қарсы іс-шараларды атқаруға жұмылдырылды. Ұландықтар еріген қар суына қарсы бөгеттер тұрғызып, су тасқынының алдын алу үшін түрлі амал жасап жатыр.

апр

Бұған қоса, Теміртау қаласы­ның 5516 әскери бөлімінің 125 әскери қызметшісі мен 6 техникасы, Қостанай қала­сындағы Ұлттық ұлан полкінің 100 әскери қызметшісі және 8 техникасы, Петропавл қала­сындағы 6637 әскери бөлімінің 50 әскери қызметшісі мен 7 техникасы еліміздің әр өңіріндегі жағдайды реттеуге атсалысып жатыр.

Қарағанды облысының ірі су қоймаларында (Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай-Нұра) су көлемінің ұлғаюына байланыс­ты Абай, Бұқар жырау және Нұра аудандарының 28 елді мекенінде құм толтырылған қап­тардан бөгет тұрғызу жұ­мыс­­тары қолға алынған. Бұған Қара­ғанды қаласының 5451 әске­ри бөлімінің 50-ге жуық әске­ри қызметшісі мен 4 арнайы тех­никасы қосылды.

– Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне техногендік, табиғи, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға қатысу міндеті жүктелген. Сондықтан курсанттар кез келген уақытта хал­қымызға көмек көрсетуге дайын, – деп атап өтті 2 оқу батальоны командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұ­мыс жөніндегі орынбасары, подполковник Әлімжан Тас­мағамбетов.