Фотогалерея • 12 Сәуір, 2024

Әлем таныған Қаныш (Фоторепортаж)

1188 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні. Атаулы күнге орай, Астана қалалық Қаныш Сәтпаев атындағы 61 мектеп-лицейінде қонақ болдық. Назарларыңызға осы мектеп-лицейде орналасқан мұражайдан құнды дүниелерді ұсынамыз.

Әлем таныған Қаныш (Фоторепортаж)

Мектеп директоры Ернұр Омархановтың айтуынша, Астана қаласында Қаныш Сәтпаевқа арналған бірде-бір мұражай жоқ. Сол себептен ең алғаш мектепке академик Қаныш Сәтпаевтың атауын алу үшін біршама жұмыс атқарылған. Кейіннен мектеп Қаныш Сәтпаев атындағы музейді ашады. Мектеп басшысы оны ашудың оңайға соқпағанын, барлық материалды жинау үшін мектеп ұжымы Сәтбаетың туған жеріне барғанын айтады. 

Музей

Мұражайды ашу оңай болған жоқ. Алынып отырған Қаныш Сәтпаевтың тапқан тастары Жезқазғандағы «Қазақмыс» компаниясымен байланыс орнатып, сол жақтан алғыздық. Фоталардың барлығын Foliant баспасынан алдық. Музейдің кіреберісіне біз екі тас орнаттық. Біреуі Қазақтан шыққан тұңғыш антрополог Оразақ Смағұловтың жазған сөзі. Ал екіншісі Қаныш Сәтпаевтікі, дейді мектеп-лицей директоры Ернұр Омарханов.

Қаныш Сәтпаев

Оразақ Смағұлов

Ғалым археолог Ә.Марғұлан Қаныш Сәтбаев поляк билеріне, мазуркаға, вальске қызығушылық танытқанын айтады.

 

Ескерткіш

 Суретте Астана қаласындағы Қаныш Сәтпаев ескерткішінің көшірмесі.

1

Академик Әлкей Марғұланның Қаныш Сәтбаев туралы: «Егер Қаныш геологияның соңына түспей, бірыңғай әдебиет саласымен кетсе, Қаныш аса талантты жазушының бірі болар еді. Оны Қанекеңнің жас кезінде жазған новеллалары, әдебиет, музыка, би өнері туралы жазған мақалалары, Абай, Жамбыл, Мұхтарға арнап жазғандары айқын бейнелейді.»

 

2

Қаныш Сәтбаев Мәскеудің тапсырмасы бойынша жер асты қазба байлықтарының картасын жасау барысында онда бірнеше ірі кеніштерді белгілемеген. Ғалымдардың «Бұл қалай?» деген сұрағына ол: «Бұл кендер жердің тереңінде орналасқан. Оларды меңгеру үшін қыруар қаржы мен технология қажет. Сондықтан бұл жерлерді картада белгілеу әлі ерте».

Ал жақын достары Мұхтар Әуезовпен, Әлкей Марғұланға: «Мен бұл шахталарды әдейі жасырдым. Өйткені, біздің ұрпақтарымызға да керек!», деген екен.

3

Ұлы тұлғаның туғанына 125 жыл толуы қарсаңында оның ел дамуына, ғылыми ой-пікіріне, Қазақстан халқының зияткерлік және рухани әлеуетіне қосқан баға жетпес үлесін тағы бір мәрте еске алу маңызды.

3

Музейдегі мұрағатта Қаныш Сәтпаев туралы қолжазбалар, кітаптар және құнды жәдігерлер бір залда көрініс тапқан.Сондай-ақ, Сәтбаевтың кітаптар топтамасы, фотосуреттері ғимарат төрінде орналасқан.

  4

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ, 

ЕҰУ студенті

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,  ЕҰУ студенті