Төтенше жағдай • 16 Сәуір, 2024

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллион доллар бөлетінін айтты

1184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1 миллион доллар (450 000 000 теңге) бөлетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллион доллар бөлетінін айтты

- Біз қалың қар ерігеннен кейін ең үлкен көктемгі су тасқынына тап болдық. Қазақстанның 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі сәтте 108 000 адам эвакуацияланды. 5 000-нан аса тұрғын үй су астында қалды, 8 000-нан аса жануар өлді. Табиғи апат Қазақстанмен көршілес Ресейдің Орынбор облысын да зақымдады. Қазір біз су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Біз сіздермен бірге ортақ күшпен зардап шеккен отбасыларға 1 миллион доллар (450 000 000 теңге) бөлеміз. Еріктілерге, құтқарушыларға, бей-жай қарамайтын азаматтарға және басқа елдерден көмекке келген азаматтарға үлкен алғыс білдіреміз. Біз бірге бұл стихияны жеңеміз және одан да мықты бола түсеміз, - деді қара бетперде киген жұмбақ жігіт.