Төтенше жағдай • 16 Сәуір, 2024

Жамбыл облысында 300-ден астам отбасы тұратын ауылды су басты

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Тараз қаласының маңындағы Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылын су басты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 300-ден астам отбасы тұратын ауылды су басты

2024 жылдың 15 сәуірінде сағат 20:35-те Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында толассыз жауған жауын-шашынның салдарынан тау бөктерінен төмен қарай сел жүріп, Жасөркен көшесіндегі 7 ауланы (№54,52,50,48,49,51,53) және М. Әуезов орта мектебінің аумағын су басқандығы туралы ақпарат келіп түскен.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жасөркен ауылындағы жағдай бақылауда. Аталған аумақта жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар, облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 51 адам, 4 техника (2 тиегіш, 2 экскаватор), 10 бірлік техника және 6 мотопомпа жұмыс істеуде.

Жалпы Жасөркен ауылында 310 тұрғын үй бар, 2209 адам тұрады.