Аймақтар • 16 Сәуір, 2024

Павлодарда кісі өлтіріп, сотталған адам 5 жыл бойы балабақшада жұмыс істеген

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы Железин ауданының балабақшалары мен мектептерінде ауыр қылмыстары үшін сотталған адамдар жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда кісі өлтіріп, сотталған адам 5 жыл бойы балабақшада жұмыс істеген

Железин ауданында жүргізілген прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызмет еткені анықталды.

Мысалы, балабақшалардың бірінде кісі өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.

- Бірнеше білім беру мекемесінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды. Мұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған. Железин аудандық прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылып, басшылары тәртіптік жазаға тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокурорлардың сөзінше, жалпы 500-ден астам кәмелетке толмаған азаматтың құқығы қорғалған.